Тақырыбы: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» атты ортаңғы топ ата-аналары арасындағы квест ойыны
Мақсаты: Тәрбиеге кешенді көзқарасты жүзеге асыруды балабақша мен отбасының өзара толық түсінушілігі мен келісілген іс—қимылын қамтамасыз ету.Әрбір отбасында балаларды жан — жақты дамытып тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу. Балаларды еңбекке тәрбиелеп, денесін шынықтыруда ата—аналардың белсенділігін күшейтуде үнемі жәрдемдесу. Балабақша ұжымы дәстүрлерінің одан әрі дамытып, белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу. Бала тәрбиесінің негізі ата—анада жатқанын еске ұстау. Балалардың өмірі үшін, олардың рухани қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.
Түрі: Квест ойыны.
Квест дегеніміз не? Квест — ағылшын тілінен аударма Quest- «іздеу, іздеу тақырыбы, шытырман оқиғаларды іздеу» Квест атауының шығу тегі (квестор): латын тілінен. «quaero» – іздеймін.
Квест — бұл ұмытылған ескі «құпиялар» немесе «қарақшылар қазактары» ойынын жаңаша жаңғырту.
Квест қатысушыларды білім еліне қызықты саяхатқа шақырады, жұмбақтар мен шытырман оқиғалардың жұмбақ әлеміне енуге, тапқырлық пен табандылық танытуға, өздерін нағыз ашушылар мен зерттеушілер ретінде сезінуге мүмкіндік береді, ал ұйымдастырушыларға дамытушылық оқытудың мақсаттары мен міндеттерін оңай жүзеге асыруға көмектеседі.
Әдісі: Іздеу, табу, нақтылау.
Өткізген:қазақ тілі маманы Шамұратова Алмагул,Саримова Шынар