Құзіреттілік орталық

Бөбекжай — бақшамызда «Құзіреттілік орталықтың» жоспарына орай «Менің қалам, ауылым» жобасы бойынша қазақ тілі маманы Саримова Шынар Маратқызы «Таңшолпан» мектепалды тобында «Көш керуені» атты ашық ұйымдастырылған іс — әрекет өткізді. Балалар Шықбермес Шығайбайдың тапсырмаларын орындау арқылы мақал — мәтелдер айтып, ұлттық ойындар ойнап, тыйым сөздер жаттап, санамақ қайталап, жұмбақтар шешті.

Бөбекжай — бақшамызда психолог А.Бисенбиева «Құзіреттілік орталықтың» жоспары бойынша ата — аналармен семинар- тренинг өткізді. Семинар — тренингке қалалық білім бөлімінің мектеп және балабақша педагог- психологтарының әдіскері Ш.Тукенова және де бөбекжай — бақша психологтары қатысты. Тақырыбы:«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» Мақсаты: Баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата -ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым -қатынас орнату.Ата—аналардың жаңа көзқарасын ояту.Өз […]

Бөбекжай-бақшамызда дене шынықтыру нұсқаушысы Р.Ташимова «Құзіреттілік орталықтың» жұмыс жоспары бойынша ата-аналар мен педагогтар арасында «Намыс дода » атты спорттық эстафеталық сайыс өткізді. Әр топқа бөлініп,топ атын,ұранын,көшбасшы сайланып, берілген тапсырмалар бойынша әр топ сайысқа түсті. Сайыс өте көңілді өтті. Келіп қатысқан барша ата-аналарымызға мың алғысСайыс соңында әділқазылар әділ бағаларын беріп, жүлделі орындармен және ата-аналарымыз арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Бөбекжай — бақшамызда әдіскер А.Киртанова «Құзіреттілік орталықтың» жоспары бойынша «Тәрбиелеу — білім беру процесін жоспарлау» тақырыбында педагогтарға семинар — практикум өткізді. Семинарда тәрбиешілер ұйымдастырылған іс — әрекетті қалай жоспарлап, бес дағдыны қалай қамту арқылы орталықтарға бөлу керек екенін білді. Педагогтар семинар соңында өздерінің ойларын ортаға салып, бөліст