Ата-анамен жұмыс

«Отбасы — бақыт мекені» тренинг Бөбекжай-бақшамызда «Аналар күніне орай» педагог-психолог А.Бисенбиева аналармен тренинг жүргізді. Мақсаты:Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы -отбасы .Сондықтан ата -ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,өзін -өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір алмасу ата -аналарга балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.

Өткізген: психолог А.Бисембиева Мақсаты: — Балалар мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату — Отбасылық құндылықтарды ойын арқылы насихаттау — Баланың белсенділігін, өзіндік пікірін дамыту.

Ересек топтар арасында дене шынықтыру нұсқаушысы Раушан Нығметқызы»Әкелер-бізде қонақта» ұлттық ойындардан шеру өткізді.Ойын түрлерімен таныстырып,әкелермен қызықты шара өтті.

Бөбекжай-бақшамызда жоспарға сәйкес саз жетекшісі Есболғанова Алия Дабысқызы мектепалды топ тәрбиеленушілері мен және олардың аналарымен «Көңілді балалар»атты мерекелік кеш өткізді. Мақсаты: Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымға тарту,отбасылық тәрбиені іске асыру мақсатында психологиялық музыкалық қолдау көрсету

Тақырыбы: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» атты ортаңғы топ ата-аналары арасындағы квест ойыны Мақсаты: Тәрбиеге кешенді көзқарасты жүзеге асыруды балабақша мен отбасының өзара толық түсінушілігі мен келісілген іс—қимылын қамтамасыз ету.Әрбір отбасында балаларды жан — жақты дамытып тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу. Балаларды еңбекке тәрбиелеп, денесін шынықтыруда ата—аналардың белсенділігін күшейтуде үнемі жәрдемдесу. Балабақша ұжымы дәстүрлерінің одан әрі […]