Бөбекжай — бақшамызда психолог А.Бисенбиева «Құзіреттілік орталықтың» жоспары бойынша ата — аналармен семинар- тренинг өткізді. Семинар — тренингке қалалық білім бөлімінің мектеп және балабақша педагог- психологтарының әдіскері Ш.Тукенова және де бөбекжай — бақша психологтары қатысты.
Тақырыбы:«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
Мақсаты: Баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата -ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым -қатынас орнату.Ата—аналардың жаңа көзқарасын ояту.Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту.
- Таныстыру тренинг ,топқа бөлу
- Көрініс «Балабақша»
- Көрініс «Үй»
- Жағдаят шешімін тап. Ата аналар берілген жағдаят бойынша көрініс ойнау.
- Су арқылы тәжірибелер
- «Губка» тәжірибесі
- Тренинг «Байланыс»
- Ойын «Ірге тас»
- Тренинг» Бағыт»
- Қорытынды: «Тілегіңді тәттілерге айырбаста»